Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында Шымкент қаласы әкімі қаулысының жобасы жарияланды. Аталған құжатта қалада құтыру ауруының анықталуына байланысты бірқатар көшеге шектеу енгізілетіндігі айтылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
- Тұран ауданы А.Байтұрсынов көшесі № 85Б үйден мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты А.Байтұрсынов көшесі № 85Б үй аумағына, Абай ауданы Мәншүк Мәметова көшесі № 143/3 үйден аламаннан құтыру ауруы анықталуына байланысты М.Мәметова көшесіне; Тұран ауданы М.Сәрсенбаев көшесі № 24 үйден иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты М.Сәрсенбаев көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін, - делінген қаулы жобасында.
Оқи отырыңыз: Балалар арасындағы көкжөтелге не себеп