Аортаның кеуде тұсынан қан кетуінің жоғарғы қауіптілігі отадан кейінгі күрделі ауырсынуларға, тіпті науқастың өліміне әкелуі мүмкін еді
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 67 жастағы науқас келіп түсті. Барлық тексеруден кейін науқасқа аортаның кеуде қуысы тұсының жалған аневризмасы жарылуының бірінші дәрежесі диагнозы қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2015 жылы науқасқа аортаның кеуде қуысы тұсының жалған аневризмасына ашық ота жасалғаны белгілі болды.
Бұл жолғы отаның қиындығы қайта ота жасау науқастың өміріне екі есе қауіп төндіретінінде болды. Аортаның кеуде тұсынан қан кетуінің жоғарғы қауіптілігі отадан кейінгі күрделі ауырсынуларға, тіпті науқастың өліміне әкелуі мүмкін еді.
Осыған қарай дәрігерлер консилиум құра отырып, аортаның кеуде қуысына гибридті араласу - стент-графт енгізу жөнінде шешім қабылдады.
Отаның бұл түрі шап аймағына екі тесік жасау арқылы, рентгендік бақылау көмегімен қан тамырлары арқылы аневризмадан жоғары аортаға кіріп, аортаның зақымданған жеріне стент-графтты импланттауға мүмкіндік береді.
Арнайы жүйеге салынған тамырлы протез жалған аневризма аймағына жеткізіліп, түзетіледі.
Барлық ота барысын Орталық қалалық клиникалық аурухананың қан тамырлары хирургы Сұлтан Илиев пен дәрігер Евгений Мун екеуі ангиографтың бақылауымен жасады.
Осылайша, протез жүйелік артериялық қан ағымының әлсіз созылған қолқа қабырғаларына әсер ету күшін алды.
- Бұл әдіс ашық хирургиялық техникамен салыстыруға болатын нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, тек асқыну аз, ауруханаға жатқызу және науқасты оңалту мерзімі 2 есе қысқарады. Ота жергілікті анестезиямен жүргізіліп, бір сағаттан астам уақытқа созылып, сәтті өтті, - дейді Сұлтан Илиев.
Енді науқастың өміріне ешқандай қауіп төнбейді.
Сұлтан Илиевтің айтуынша, қолқаның жалған аневризмасы перифериялық тамырлар патологиясының ең ауыр түрі. Қолқа аневризмасы әр түрлі себептің (атеросклероз, қабыну, тұқым қуалаушылық, жарақат) және қауіп факторларының (жас, темекі шегу, семіздік, артериялық гипертония) әсерінен пайда болады, нәтижесінде қолқа кеңейіп, қабырғалары жұқарады.
Қолқа аневризмасының даму қаупі 60 жастан кейін күрт артады. Абдоминальды аорта аневризмасы бар адамдардың көбінде ешқандай белгі байқалмайды және іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі немесе басқа көрсеткіш бойынша орындалатын компьютерлік не магнитті-резонанстық томография кезінде кездейсоқ анықталады.
Оқи отырыңыз: Алматының №11 қалалық емханасында шеберлік сағаты өтті