Жыл соңына дейін қызылшаға қарсы вакцина жеткізіледі
Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундауға жататын халықтың санаттары туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023 ж. №7 Қаулысына сәйкес қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау:
Балаларға 6 айдан 10 ай 29 күнге дейін, қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейін,
қызылшаға қарсы профилактикалық иммунизациясы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне егілуі тиіс.
Қалада 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға арналған қызылшаға қарсы вакцинаның қалдығын ескере отырып, 10 қарашадан бастап иммундау басталды және қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасады.
10-28 қараша аралығында қызылшаға қарсы қосымша иммундаумен 5 757 бала қамтылды. Бұрын екпе салынбаған 18 жасқа дейінгі балаларды иммундау 2023 жылғы 5 желтоқсаннан бастап жүргізіледі.
Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация екі рет жүргізіледі, біріншісі-1 жаста (12-15 ай), екіншісі - 6 жаста, бұл вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы баланың иммунитетін күшейтеді.
Профилактикалық егулер тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.
Әсел Қалықова қызылшаны жұқтырудың алдын алатын жалғыз тиімді құрал тек вакцинация екенін атап өтті.
Қазақстанда вакцинация жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген Үндістан (Serum Institute of India Ltd) өндірген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады.
"Serum Institute of India Ltd" вакцинасы әлемнің 110 астам елінде, соның ішінде Еуропа елдерінде қолданылады.
Тіркеу кезеңінде қатаң бақылаудан басқа, Қазақстанға әкелінетін вакциналардың әрбір партиясы (әрбір сериясы) қауіпсіздік пен сапаға қайта бақылаудан өтеді.
Қазіргі уақытта қалада тиісті контингенттердің қызылшасына қарсы жүргізу және нысаналы топтағы балаларды жоспарлы иммундауды жалғастыру үшін жеткілікті көлемде (29.11.2023 ж.83 315 доза) қызылшаға қарсы вакцина бар. Желтоқсан айында 95 200 доза көлемінде қызылшаға қарсы вакцина жеткізіледі деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: Өртенген хостелде қаза тапқан 13 адамның көбі шетел азаматы екен