Өртенген хостелде қаза тапқан 13 адамның көбі шетел азаматы болып шықты

Сурет: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Астанадан ҚР Төтенше жағдайлар министрі ұшып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өртке оранған хостелден эвакуацияланған адамдардың басым бөлігі - шетел азаматы, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, эвакуацияланған адамдардың көбі - шетел азаматы.

 - Хостел әкімшілігінің айтуынша, өз бетімен сыртқа шыққан адамдардың дені - Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан елдерінің азаматы. Арасында қазақстандықтар да бар. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр,- деді Нұрлан Атығаев.

Сонымен қатар департамент басшысы өртке оранған хостелдің ашылғанына бір жарым ай болғанын мәлім етті.

- Үш қабатты ғимараттың жертөлесінен хостел ашқан. Бұл заңға қайшы. Себебі жертөле қанша жерден жабдықталса да, адам тұруға арналмаған,- деді Нұрлан Атығаев.

Белгілі болғандай, Астанадан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ұшып шықты.

Еске салайық бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.

Дәрігерлер өрттен зардап шеккен 2 адамға көмек көрсетті. Олар ауруханаға жеткізіліп, кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді.

Оқиға орнынан 59 адам эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.

Оқи отырыңыз: Жатақханадағы алапат өрттен құтқарылғандар уақытша мектепке орналастырылды

Новости партнеров