Алматыда 10-нан астам медициналық ұйым рұқсатсыз қызмет көрсетіп келген

q13fox.com
q13fox.com
14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезге 12 оқушы шалдыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің арнайы тексерісі рұқсаты мен сертификаты жоқ үндістандық дәрігерлерді анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан бөлек бірнеше медициналық ұйымдардың жұмысынан да олқылықтарды анықтапты. Қазір тексеріс аяқталып, іс сотқа жолданған. Осы секілді жекеменшік медициналық ұйымның көрсеткен бір қызметі 15 мың доллардан басталады екен. Алайда оны елімізде кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында тегін алуға болады.

«Медициналық мекемелерде өзге ел азаматтары жұмысының заңдылығын тексеру мақсатында қалалық көші-қон басқармасымен бірлесіп Алматыдағы бірнеше ұйымға аудит жүргіздік. Шақырылған шетелдік дәрігерлердің лицензиясы мен сертификаты болмаған. Тіпті кейбірінің мамандығын растайтын дипломы да жоқ», – дейді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін тексеру департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Департаменттің назарына қаладағы мектептер де іліккен. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, олардың 30 пайыздан астамында оқушылар. Сонымен қатар, оқу ордаларындағы оқушылардың денсаулығы мен тамақтануында да кемшіліктер кездесіпті.

«8 айдың қорытындысы бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезге 12 оқушы шалдыққан. Биыл қала мектептерінде 17 дерек тіркелді. Осы уақыт аралығында 9 мұғалімнің де осы ауруды жұқтырғаны белгілі болды. Өткен жылы бұл көрсеткіш бесті көрсеткен еді», – дейді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін тексеру департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Новости партнеров