Алматылық дәрігер балаларға міндетті екпе жайында айтып берді

УОЗ
УОЗ
Бала тіркелген жеріндегі емханадан ала алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

№11 қалалық емхананың педиатр дәрігері Индира Әбдіқадырова бала Қазақстан Республикасының вакцинация күнтізбесіндегі барлық екпелерді алуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларға ауыр ауруларға қарсы вакциналар жатады: «А» және «В» вирустық гепатиттері, b типті гемофильді инфекция, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және эпидемиялық паротит (паротит) және т.б.

Олардың біріншісі балаларға перзентханада егіледі, келесілері бірнеше жылдан соң салынуы маңызды.

Сонымен қатар перзентханада бала туберкулезге және В гепатитіне қарсы екпе алады. Қалған екпелерді бала тіркелген жеріндегі емханада алады. Нәрестеге 2 ай толғанда гепатитке, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС) және b типті гемофильді инфекциясына қарсы кешенді вакцина, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы вакцина алады. 3 айда көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС), полиомиелитке және b типті гемофильді инфекциясына қарсы қайталама вакциналар жасалады.

Бір жасқа  дейінгі соңғы егулер – 4 айда – гепатитке, полиомиелитке, b типті гемофильді инфекциясына және көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы егудің 3-кезеңі, сонымен қатар пневмококк инфекциясына қарсы 2 егу алады. 12-15 айлық  жаста қызылша, қызамық және паротитке қарсы екпе алу, полиомиелит пен пневмококк инфекциясына қарсы қайталап екпе алу қажет. 1,5 жаста – АКДС, полиомиелит және b типті гемофильді инфекциясына қарсы ревакцинация алады», - дейді маман.

Әрі қарай балалар мектеп жасында бірнеше екпе алады. 6 жасында бала туберкулезге, қызылшаға, қызамыққа, эпидпаротитке қарсы қайта вакцина алады.

16 жаста - сіреспе мен дифтерияға қарсы вакцинация (АДС-м), болашақта оны әр 10 жыл сайын қайталау қажет.

Дәрігер ата-аналарға вакцинацияның ауыр болуы мүмкін, ұзақ мерзімді, тұрақты салдарымен ауыр асқынулар тудыратын, тіпті баланың өліміне әкелетін қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың тиімді құралдарының бірі екенін еске салады.

Бала тіркелген мемлекеттік немесе жеке медициналық ұйым болсын, барлық міндетті егулер тегін жүргізілетінін еске сала кеткен жөн.

Оқи отырыңыз: Ашығудың ағзаға қандай пайдасы бар

Новости партнеров