|
Jol
05.03.2024 | 12:49
2329

Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

Аумақта 40 шақты адам мен 10 техника жұмыс істеп жатыр

Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды Almaty.tv

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы қамыс өртенген аумақ үлкейіп барады. 2 наурызда тұтанған от мың гектар жерді шарпып үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Төтеншеліктер бар күшін салып өртпен арпалысып-ақ жатыр. Тілсіз жаумен күреске тікұшақ та тартылған. Ал жанып жатқан жердің батпақты болуы, сондай-ақ өрт ошағына апарар жолдың жоқтығы апаттың алдын алуды қиындатып жатыр.  

– Аңшылар болсын немесе балықшылар тамағын пісіретін болса, орнын өшірмей кетеді. Қабан және басқа да аңдарды шығару үшін қамысты өртеуі мүмкін, – деді облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов

Айта кетейік, өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Қазір аумақта 40 шақты адам мен 10 техника жұмыс істеп жатыр. Төтеншеліктердің айтуынша, 20 гектар аумақта қамыс бықсып жатқан көрінеді. Әзірге елдімекендерге қауіп жоқ.  

Оқи отырыңыз: Түркияда жер сілкінді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир