Ойнаймын деп опық жеді: пиротехникадан жараланған екі балаға ота жасалды

Алматы ДСМ / Пресс-служба УОЗ г. Алматы
Алматы ДСМ / Пресс-служба УОЗ г. Алматы
Жаңа жыл кешінде 9 бала ауруханаға түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ойнаймын деп, опық жеді. Алматыда пиротехника пайдаланып, қатты жараланған екі балаға ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар 4 қаңтар күні қаладағы шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматология бөліміне түскен. Пиротехника тұрғын үй ауласында отшашу жаққан 13 жастағы баланың саусағын жұлып әкеткен. Енді бірінің бетін күйік шалған. Оқыс жағдайдан соң олар ауруханаға жеткізілді.

– Біреуінің оң, екіншісінің сол алақаныңда үлкен деңгейде жарақаты болды. Жедел түрде 2 балаға да микрохирургиялық көмек арқылы ота жасалды, қан тамырлары мен сүйек сіңірлерінің бәрін орныңа, қалпына келтірілді. Екеуінің жағдайы бірқалыпты, өміріне қауіп жоқ, саусақтары толық қалпына келтірілді, – деді Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бөлім меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиев.

Алматыда жаңа жыл кешінде пиротехника кесірінен жарақат алған 9 бала ауруханаға түскен. Олардың төртеуі ем алып, үйіне шығарылған. Ал 5 бала әлі ауруханада жатыр. Екеуі травматология, екі науқас күйік бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Көзінен жарақат алған тағы бір жасөспірім офтальмолог дәрігерлерінің қарауында.

Оқи отырыңыз: Щучинскіде тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам көз жұмды

Новости партнеров