|
09.10.2023 | 13:09
4178

Етеккір циклының бұзылуы қандай салдарға әкелуі мүмкін

Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы гинекология бөлімінің меңгерушісі Алмат Конуркульжинов айтып берді

Етеккір циклының бұзылуы қандай салдарға әкелуі мүмкін Иллюстративное фото: shutterstock.com

Алматылық гинеколог дәрігер етеккір циклының бұзылысы қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Етеккір циклындағы бұзылыс әрбір әйелде болады.

Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы гинекология бөлімінің меңгерушісі Алмат Конуркульжинов етеккір  циклы бұзылысының белгілері мен салдары жайлы айтып берді.

«Етеккір циклындағы  бұзылыстар ең бірінші кезекте бедеулікке әкелуі мүмкін, себебі тұрақсыз цикл овуляция уақытын анықтауда қиындық туындатып, жүкті болу мүмкіндігін төмендетеді. Сонымен қатар бұзылыс әсерінен әйел адамда эстороген гормонының біркелкі бөлінбеуі пайда болады, бұл жатырдағы тіндердің өсуіне және эндометрия қатерлі ісігінің даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін», - дейді маман.

Маманның айтуынша, етеккір  циклындағы бұзылыстардың ең негізгі себебі әйелдердегі гормандардың дұрыс бөлінбеуі, сонымен қатар  етеккір циклы бұзылысы әйел адамның денсаулығындағы әр түрлі мәселеден хабар береді. Мәселен, гинекологиялық аурулар, аналық без поликистозы, қатерлі ісіктер, кіші жамбас бөлігіндегі қабынулар, эндометриоз және т.б. Көбінесе туа біткен немесе жүре пайда болған синдромдар, хромосомалық аурулар немесе репродуктивті жүйе  ауытқулары себеп болуы мүмкін.

Алайда, Конуркульжинов атап өткендей, себептеріне қарамастан, етеккір  циклындағы бұзылыстарды емдеу гинеколог маманның басшылығымен жүргізілуі керек.

Дәрігер етеккір циклындағы  бұзылыстың ең негізгі  белгілерін атап өтті, олар: іштің төменгі жағының тартып ауруы, бас ауруы, етеккірдің тоқтап қалуы, тұрақсыз цикл, қалыпты ұзақтығы бар етеккірдің көп бөлінуі немесе керісінше, аз болуы, 1-2 күнге созылатын қысқа бөлінділер және т.б.

Жоғарыда аталған белгілердің ешқайсы дәрігердің қадағалауынсыз қалмауы қажет.

Дәрігер тек толық тексерістен өткізгеннен кейін себебін анықтап, нақты диагноз қойып, терапияны тағайындап, қажетті дәрілік заттарды белгілей алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

женщины
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир