Алматы онкологиялық орталығының маммологы сүт безінің қабынуы жайлы айтты

Алматы онкологиялық орталығының маммологы сүт безінің қабынуы жайлы айтты
Қабыну процесін тері астындағы қатайған жер ретінде сезінуге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы онкологиялық орталығының маммологы Наиля Ақжолова сүт безінің қабыну және қабынбайтын ауруларында, сүт безінің қатерсіз және қатерлі ісіктерінде кеудеде қалыңдап қатайған жерлер пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мұндай қатайған жерлердің ауырсыну, деформация, емшектен бөлініс болу және басқа белгілері болуы мүмкін. Кеудеде қатайған жердің пайда болу себебін сауалнама, сыртқы тексеру, ультрадыбыстық зерттеу, маммография, МРТ, биопсия, зертханалық зерттеулер негізінде анықтайды», - дейді маман.

Ол қатаюдың келесі түрлерін атап өтті: қатерсіз түзілімдер, қатерлі түзілімдер, қабыну процестері.

«Қатерсіз түзілімдер көбінесе стромадан, дәнекер тіннен, сирек безді ұлпадан дамиды. Мұндай түзілімдер қайталама инфекция мен қоршаған тіндерді қысатын көлемі үлкен түзілімдерді айипағанда, еш белгісіз өтеді. Бұл жағдайда болжам қолайлы, 95% жағдайда емдеу сәтті өтеді. Қатерсіз түзілімге аденома, папиллома, липома, фиброаденома, жапырақ тәрізді ісіктер, диффузды немесе түйіндік мастопатия жатады. Асқынуға қатерлі қайта пайда болатын түзілімдер және өмір сүру сапасының нашарлауы жатады.Түзілім ішке жатып ұйықтағанда сезіледі, бұл көңіл-күйдің түсуі, ұйқының болмауы, ашуланшақтық сияқты ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін», - деп түсіндіреді сарапшы.

Қатерлі түзілімдер жиі ауыратын қатайған жермен, қан кетумен, іріңді бөлумен ерекшеленіп, жылдам өсумен және анық көрінумен сипатталады.  Метастаздануға байланысты бұл өте қауіпті, сондықтан шұғыл дәрігерге көріну керек.

Сүт безі - секторлық құрылым. Қатерлі түзілімдер айналадағы тін мен қуыстарға өсу арқылы дәнекер ұлпалық тіннің қалқасын бұзады. Уақтылы емдемеудің нәтижесі емделуі қиын болатын ауқымды метастазға әкелуі мүмкін. Қатерлі ісікке аденокарцинома мен саркома жатады.

Қабыну процесін тері астындағы қатайған жер ретінде сезінуге болады. Айырмашылығы олар микроорганизмдер мен оларға қоныс аударушы лейкоциттердің әрекетінен туындайды. Қабыну процесі онкогенді де болуы мүмкін.

«Қабыну процесі операция немесе жарақат кезінде  қалыптасады. Қабыну бактериядан басқа, бөліктік немесе толық өліеттенуді тудырады, бұл кезде науқас қатты ауырсынуды сезінеді. Қатерлі түзілім сияқты, ол айналасындағы тіндердің инфильтрациясымен бірге аралық қалқаларды бұзуы мүмкін», - дейді онколог маммолог Ақжолова Наиля Бұрхандинқызы.

Онколог сүт безінің резекциясын болдырмау үшін дәрігерге уақтылы көріну керек екенін баса айтады.

«Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыздар, шұғыл түрде маманға көрініңіз. Ерте кезеңде анықталған ісік жақсы емделеді, кей жағдайда толық жазылуы мүмкін», - деп түйіндеді онколог маммолог Наиля Бұрхандинқызы.

Новости партнеров