|
06.06.2023 | 13:23
2197

Алматыда «Салауатты ұрпақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жол картасы аясында өткізілді

Алматыда «Салауатты ұрпақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті пресс-служба УОЗ города Алматы

Алматыда алғаш рет мүгедектікті төмендету мақсатында балаларға ерте кезеңде медициналық көмек көрсетуге арналған «Салауатты ұрпақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жол картасы аясында өткізілді.

Конференцияға ҚР және шетелден атап айтқанда Ресей, Италия, АҚШ, Австралия, Тәжікстан, Испания және басқа да елдердің үздік жетекші дәрігерлері қатысты.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева құттықтау сөзінде ана мен баланың денсаулығын сақтау, баланың өмірге келу санын арттыру, сондай-ақ ана мен бала өлімін азайту қашанда Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті.

«Бүгін біз Алматы бойынша белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткіздік, мәселен, ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғанға шаққанда 53,8-ден 9,9-ға төмендеді. 2023 жылдың 1 тоқсанында ана өлімі тіркелген жоқ. Сәби өлімінің көрсеткіші екі есеге жуық төмендеді. Біз әйелдер мен балаларға сапалы медициналық көмек алуға қол жеткізуді қамтамасыз етудің кешенді тәсілінің арқасында осындай көрсеткіштерге қол жеткіздік», - деді Назгүл Иманғалиева.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында сапалы пренатальды скрининг, туа біткен ақауларды ерте түзету және жүкті әйелдерді динамикалық бақылау арқылы мүгедектікті азайтуға бағытталған ұрықты қорғау орталығы жұмыс істейді.

Мұнда перинаталдық диагностика 3 кезеңде жүргізіледі. Ұрықтың даму ақауларына күдік бар қаладағы барлық әйел осында жіберіледі.

Бірінші кезеңде көпсалалы консилиум курабельдік ауруларды анықтайды, ауру өмірмен үйлесімді ме, жоқ па, жүктілікті ұзарту мүмкіндігін қарастырады.

Екінші кезең, конференцияның мақсаты яғни - ұрық хирургиясы.

Ұрық хирургиясының көмегімен мыңдаған жаңа туған нәрестені құтқаруға болады. Бала туғаннан кейін хирургиялық операция арқылы мұндай ауытқуларды емдеу қиынға соғады. Әсіресе елеулі немесе қайтымсыз бұзылуларды тудыратын ұрықтың, плацентаның және кіндіктің даму ауытқуларының үлкен тобы. Мұндай жағдайларда жатырішілік араласу оңтайлы болады, өйткені кейін кеш болуы мүмкін және бұлның бәрі мүгедектікке әкелуі мүмкін.

3-кезең - босанғаннан кейінгі диагностика және емдеу, жүрек ақауымен туған балаларға операция жасалады. Бірақ оны нәресте құрсақта болған кезде сәтті жасауға болады.

Жыл сайын Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының балалар кардиохирургиялық бөлімшесіне 1000-ға жуық балада әр түрлі формадағы туа біткен жүрек ақауы диагнозы расталады.

Алғаш рет стационарға жүгіну 2 айдан 3 жасқа дейін нәтижесінде анықталады.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы ашылғаннан бері (2011ж.) жүрекке 2500-ден астам ота жасалған.

Кездесу аясында дәрігерлер Қазақстан Республикасында акушерлік және гинекологияны, медициналық генетиканы және функционалдық диагностиканы дамыту тұжырымдамасын, неонаталдық қызметтің өзекті мәселелерін, ҚР балалар кардиохирургиялық қызметінің мәселелерін, ҚР аналар мен балаларға көмек көрсетуді ұйымдастырудағы медбикелік қызметтің мәселелерін талқылады, өздерінің тәжірибелері мен ғылыми зерттеулерінің нәтижелері туралы әңгімеледі.

«Бұл үлкен тәжірибе алмасу, конференция аясында біз өз тәжірибемізбен бөлістік, басқа елдерден келген әріптестердің баяндамаларын тыңдадық. Мысалы, Тәжікстаннан келген дәрігер, бізден білім алды, енді қазір өз елінде кардиохирургияны дамытып жатыр. Біздің мамандар Ресейде өткізілетін кесарь тілігінен кейін жатырды сақтаужы үйренді. Жаңа туған нәрестелердегі төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, инфузиялық терапия кезіндегі инфекциялық қауіпсіздік мәселелері, жаппай акушерлік қан кету кезінде қан үнемдеу технологиясының жаңа мүмкіндіктері және т.б. мәселелер көтерілді», - деп атап өтті Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнар Нұрланова.

Конференция ғылыми қоғамдастықтың ақпараттық алмасуын жолға қою, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан медицинасының әлемдік ғылыми ортаға интеграциялануының өзіндік алаңына айналды.

Оқи отырыңыз: Алматыда бұрын-соңды елімізде болмаған ота жасалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир