|
05.06.2023 | 20:54
3134

Алматыда бұрын-соңды елімізде болмаған ота жасалды

Операцияның ерекшелігі – эндоскопиялық отаның жаңа қырын көрсету

Алматыда бұрын-соңды елімізде болмаған ота жасалды Almaty.tv

Алматыда Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында күрделі ота жасаудан шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақ халаттылар қаладағы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығында екі күн бойы тәжірибе алмасады. Шетелден келген мамандар жергілікті әріптестерімен бірге бес бірдей операция жасамақ.  

Алматыда бұрын-соңды елімізде болмаған ота жасалды. Бұл шара халықаралық конференция аясында жоспарланған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шеберлік сағатында Ресейдің білікті мамандары тәжірибесін бөлісті.

«Бұл шеберлік сағатына Ресей елінен келген академик, медицина ғылымдарының докторы қатысты. Сондай-ақ эндоскопиялық академияның төрағасы Владимир Игоревичтің қатысуымен жүріп жатыр», – деді Балалар хирургі Мейіржан Құрманалиев.

Күрделі отаны жасау барысында тәжірибелі мамандардың өзіне 3-4 көмекші қажет. Бүгін де өз ісінің хас шеберлеріне жергілікті дәрігерлер көмек көрсетті. Ал отаға қатыспағандар ақ халаттылардың жұмысын конференц-залда сырттай көріп, жоғары сапада нақты уақыт режимінде бақылады.

«Шеберлік сағатына біздің аурухананың ғана дәрігерлері емес, басқа өңірлерден де келіп жатыр», – деді жоғары санатты хирург Дінмұхамед Рузуддинов.

Операцияның ерекшелігі – эндоскопиялық отаның жаңа қырын көрсету. Ал дәрігерлер мұндай шеберлік сағаты біз үшін біліктілігімізді арттыруға үлкен мүмкіндік деп отыр.  

Мұндай шеберлік сағаты елімізде жиі өтеді. 5-6 сағатқа дейін созылатын күрделі оталардағы тәжірибе алмасудың отандық медицинаны дамытуда маңызы зор. Сарапшылар бүгінгі сағатта жасалған ота балалар мүгедектігінің алдын алуға үлкен мүмкіндік дейді.

Оқи отырыңыз: Атырауда өрттің кесірінен бірнеше отбасы бала-шағасымен далада қалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир