Алматыда медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында респираторлық көмек көрсетудің практикалық және теориялық курсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шеберлік сағат барысында дәрігерлерге жасанды өкпе вентиляциясының заманауи режимдері таныстырылып, механикалық желдетудің айрықша қағидаттары сарапталды. Реанимациядағы респираторлық көмек көрсету жолдары түсіндірілді.
– Шеберлік сағатының мақсаты – респираторлық терапиядағы жаңа үлгілерді, жаңалықтарды дәрігерлерге үйрету. Елімізде 2000-ға жуық анестезиолог-реаниматолог бар, – деді №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының анестезиология және реанимация бөлімінің дәрігері Гүлбану Бердиярова.
Оқи отырыңыз: Үшарал әуежайында қосымша терминал салынады