Алматыда қатерлі ісіктің ерте сатысында анықтау деңгейі өсті

26.07.2024 18:40

Ерте диагностика қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің төмендеуіне ықпал етеді

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауы мен МСАК белсенді жұмысының арқасында онкологиялық қызмет онкологиялық аурумен күрес жөніндегі Кешенді жоспардың нысаналы индикаторларына қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Жанна Кужаева негізгі жетістіктің бірі - онкологиялық ауруды ерте диагностикалаудың өсуін атап өтті.

Алматы емханалары онкологиялық аурудың ерте сатысында скринингтік зерттеу жүргізуде кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетуді жалғастырып келеді. Онкологиялық көмектің I деңгейі шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің 76 медициналық ұйымы (МСАК) қатерлі ісікке дейінгі және қатерлі ісік ауруын анықтау бойынша белсенді жұмыс істейді. Олардың күш-жігері қатерлі ісіктің алдын алу мен ерте диагностикалауда айтарлықтай жетістікке әкеледі.

Халықтың мақсатты тобын скринингтік тексеруден өткізу, жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішек қатерлі ісіктері сияқты ауруды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

2024 жылдың алғашқы алты айында емханаға келгендердің 72%-ы тексеру кабинеттерінде қаралды – бұл 289 121 науқас, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (248 217 адам) айтарлықтай өсімді көрсетеді. Қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау 40 пайызға дейін өсті.

2024 жылы 54 186 әйел жатыр мойны обырының скринингінен өтті, бұл жоспарлы қамтудың 665-ын құрады. Жатыр мойны обырының 29 жағдайы анықталды, оның 85%-ына I кезеңде диагноз қойылған.

Тоқ ішек қатерлі ісігінің 28 жағдайы анықталды, оның 25%-ына I кезеңде диагноз қойылған. Анықталған ауруы бар барлық науқас мамандандырылған ем алды.

Ерте диагностика емдеуді ертерек бастауға мүмкіндік береді, бұл сәтті емделу мүмкіндігін едәуір арттырады және асқыну қаупін азайтады, кең хирургиялық араласу немесе қарқынды химиотерапия сияқты агрессивті емдеу әдістерінің қажеттілігін азайтады, бұл пациенттердің өмір сапасына оң әсер етеді.

Ерте диагностика қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің төмендеуіне ықпал етеді, өйткені ерте кезеңде емдеу көбіне тиімдірек болады.

- Тұрғындарға скрининг науқас тіркелген емханада жүргізілуі керек екенін еске саламыз. Төрт жылда бір рет жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін скринингті 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, екі жылда бір рет сүт безі обырын ерте анықтау үшін 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, екі жылда бір рет колоректальды обырды ерте анықтау үшін 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер өтуі тиіс, - деді Жанна Кужаева.

Оқи отырыңыз: Жас жігіттің ағзасы төрт пациентке трансплантталды