Синдромның патогенезі мен ұзақ мерзімді қандай болатыны салдары белгісіз
COVID-19 кезіндегі балалар жедел қабыну синдромы белгілері ересектерде де кездеседі, деп жазады Almaty.tv Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
CDC (Disease Control centers) америкалық медициналық реттегіші есебінде коронавирус кезінде сирек кездесетін, бірақ өте ауыр асқыну туралы айтылған. Бұл – балалардың жүйелік қабыну синдромы немесе Кавасакиге ұқсас синдром.
Мұндай жағдайлар туралы ең алдымен Ұлыбритания, содан кейін Испания, АҚШ, Франция дәрігерлері жазған болатын.
«CDC аталмыш синдромның ересектерде кездескені туралы 27 хабарлама алды. Әдетте, олардың барлығы реанимациялылық емдеуді қажет етті, кейде өлім-жітім жағдайлары да кездескен. Ересектерде бұл синдром кезінде жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, дерматологиялық және респираторлық ауру белгілері жоқ неврологиялық аурулар байқалған. Бірақ, оларды COVID-19 сынамасына тексеру кезінде нәтиже оң болған. Синдромның патогенезі мен ұзақ мерзімді салдары қандай болатыны белгісіз, қосымша зерттеулер қажет», - деп жазады басылым.
Сондай-ақ, Кавасаки ауруы мен жұқпалы токсикалық шок белгілеріне ұқсас түрде көрінуі мүмкін екендігі көрсетілген.
Дерт балаларда дене қызуының көтерілуі, бөртпе, іштің ауыруы, құсу белгілерін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, айқын белгілері қатарында тітіркену, әлсіздік, диарея, конъюнктивит, мойын лимфа түйіндерінің үлкеюі, еріннің жарылуы немесе тілдің қызаруы, қол-аяқтың ісінуі бар.