Алматылық дәрігерлер 20 минутта күрделі ота жасады

Алматылық дәрігерлер 20 минутта күрделі ота жасады
Ер адамның қан қысымы 220-ға дейін көтерілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының дәрігерлері пациентті 20 минуттың ішінде ұзаққа созылған гипертониялық күрт асқынудан құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

40 жасар ер адам Орал қаласынан Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жүгінді. Пациенттің айтуынша, ол ұзақ уақыт бірде бір дәрі-дәрмекпен емдеу терапиясына берілмеген артериялық гипертензиямен ауырған. Ер адамның қан қысымы 220-ға дейін көтерілген.

«Мен көптеген жылдар бойы жоғары артериялық қысыммен ауырамын. Осы уақытқа дейін қандай дәрі ішсем де біреуі де көмектеспей, тек қысқа мерзімді ғана әсерін беретін. Мен, тіпті, Ресейге бардым, онда бүйрек артериясының стенозы анықталды. Бірақ толығымен емделе алмадым. Бір жыл бұрын қан қысымынан шағын инсульт алдым. Осы ауруханада жақсы мамандардың барын естіп, МӘМС квотасы бойынша міне келдім», – деді ер адам.

Пациентке диагностикалық ангиография жасалып, нәтижесінде оң жақ бүйрегі артериясының стенозы анықталды. Көктамырды емдейтін хирург Сұлтан Илиев оң жақ бүйрегі артериясына стенттеді. Жергілікті анестезияда пункция әдісімен пышақсыз ота 20 минутқа созылды.

«Стент жасағаннан соң операция бөлімшесінде пациентте қан қысымының 120/180-ге төмендегені белгіленді. Бүгін пациент өзін жақсы сезінеді, қан қысымы жоғарлаған жоқ, гипотензивті препараттар қажет болмады. Жақында ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», – деді маман.

Сұлтан Илиев дәрі-дәрмекпен емделмейтін, ұзақ уақытты артерия қысымымен ауратын адамдарға бүйрек артериясының патогиясына тексерілуді ұсынады.

«Сіздерге күрделі аурушаңдықтың және одан асқынулар болмауы үшін, тұрақты түрде жүрек пен қантамыр тексерісінен өтуді ұсынамыз. Біздің клиникалық диагностикалық бөлімшеде ең заманауи әдістерді қолданумен толыққанды кешенді диагностика жасалады», – деді маман.


Новости партнеров