|
02.11.2023 | 14:01
651

Денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса маман жетіспейді

Мәулен Әшімбаев ауылды жерлерге дәрігерлерді тарту керек екенін айтты

Денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса маман жетіспейді Almaty.tv

Елімізге 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді. Тапшылықты жою үшін министрлік нақты шаралар қабылдауы керек. Осылай деген Сенат төрағасы Денсаулық сақтау министрлігіне бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Жоғары палата отырысында Мәулен Әшімбаев елдегі ақ халаттылардың жетіспеушілігіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әсіресе, ауылды жерлерге дәрігерлерді тартудың маңыздылығын айтты. Қажет болса тиісті заңға өзгеріс енгізіп, тиімді норма қабылдауға болатынын еске салды. Аталған ұсыныстарды әзірлеп, Үкіметпен бірлесіп іске асыруға болатынын жеткізді. 

– Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20-30%-ға артып отыр. Бұл – медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда маңызды. Алайда салада кадр тапшылығы бар. Біздің мәлімет бойынша, денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса маман жетіспейді. Бұл соңғы жылдары байқалып отыр. Кадрларды сақтап, оларға жағдай жасау үшін бірқатар ұсыныс айтылды, – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер адам үшін зиянды үш өнімді атады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир