Петропавлдағы әскери институтта 15 курсант қызылша жұқтырған

23.11.2023 19:09

Мекеме карантинге жабылмайды

Almaty.tv

Петропавлдағы әскери институтта 15 курсанттан қызылша анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал олармен байланыста болғандар тексеруден өтіп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, ауру курсанттардың індетке қарсы вакцина салдырмауынан туындаған. Дертке шалдыққандарда асқыну белгілері байқалмаған. Енді аурудың алдын алу үшін курсанттарға екпе егу жұмысы басталған. Ал мекеме карантинге жабылмайды. СҚО-да 49 адамнан қызылша анықталды. Оның үшеуі шетелден келген. Дертті БАӘ, Ресей және Қырғызстаннан келген азаматтар жұқтырған. Бүгінде 8 адам ауруханада стационарлық ем қабылдап жатыр.

– Әскери институт болғасын Қазақстанның әр аумағынан келген балалар оқиды. Әскери институт курсанттары ішінде бір адам детке шалдыққан. Ал онымен байланысқан сарбаздар арасында 14 жағдай тіркелді. Әлі де күдікті бар, – деді СҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Оқи отырыңыз: Қызылша жұқтырғандар көбейіп барады