Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектер неге қымбаттауы мүмкін

04.11.2023 19:10

Этил спиртіне акциз салығы салынады

Сурет: elements.envato.com

Қазақстанда йод, корвалол, меновазин, жасыл бриллиант және валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін. Өйткені жаңа жылдан бастап осы дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Атамекен" ҰКП Медициналық қызмет департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдырахманованың айтуынша, препараттар бағасы 30, тіпті 100 пайызға өседі.  25 мл құтысы 100-200 теңге аралығында сатылатын йод, корвалол тамшылары енді екі есе қымбаттап шыға келуі мүмкін.

 - Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді өндіруде қолданылатын этил спиртіне акциз салынады. Акциз салу, құрамында алкоголь пайдаланылатын өнім бағасының қатты өсуіне әкеп соғады. Бүгінде осындай 130-ға жуық тауар бар. Отандық өнімдер өндірісте қолданылатын алкоголь мөлшеріне байланысты 30-дан 100 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін, - дейді Назгүл Қабдырахманова.

Оқи отырыңыз: Қара шайдың қандай пайдасы бар