Елдегі медицинаның ахуалы ақсап тұр деген Денсаулық сақтау министрі басы ауырып, балтыры сыздаған халық еміне шипа іздеп қалаға сабылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бас дәрігер мұны бірнеше себеппен түсіндірді. Елдегі 200-ден аса ауыл – емдеу мекемелерінің жоқтығы. Елдегі 200-ден аса ауыл тап осындай жағдайда екен. Тағы 400-ден астам иендегі елді мекенде аурухананың аты бар да заты жоқ. Пайдалануға келмейді.
«400-ге жуық медициналық нысан жалдамалы, апаттық бейімделген ғимараттарда орналасқан. Ауылдардағы алғашқы медициналық-cанитарлық көмек инфрақұрылымының 50%-дан астамы тозған», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Министрлік жүргізген сараптама бойынша, ауыл халқы қазір тыныс алу жолдары ауруына жиі шалдығады екен. Тұрғындардың 42,7 пайызы осы дерттен зардап шегіп отыр. Қазір елімізде 8 млн адам ауылды жерде тұрады. Алдағы 7 жылда кәсіби мамандармен, заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген 700 жаңа медицина мекемесін ашу көзделіп отыр.
«Биыл Денсаулық сақтау желісіне жаңа мемлекеттік норматив бекітілді. Осылайша, 50 адамға дейін ауылдарда медициналық көмекті үй-жәйсіз жүзеге асырады. 500-адамнан бастап тұратын ауылдарда медицина қызметкер саны 1-3-дейін ұлғайтып, фельдшерлік-акушерлік пункт ашуға болады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Үкімет жиынында Ербол Қарашөкеев те сөз алды. Ауыл шаруашылығы министрі қыста көкөністен тапшылық боймайды деп сендірді. Ақпарынша, қазір өніммен қамтамасыз ету де, оның бағасы бойынша да жағдай тұрақты. Әріптесінің бұл сөзін бағаға тікелей жауап беретін Серік Жұманғарин жоққа шығарды. Сауда және интеграция министрі қазір қымбатшылық бар. Ол бүгін-ертең кете қоймайды деп сенімді сөйледі.
«Ешқашан да баға тұрақты болады деп айтқан жоқпын. Мен біздің мақсатымыз – бағаның серпінін тоқтату. Баға тұрақты болу үшін өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Азық-түлікке қауіпсіздікті жоғарылату керек», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Серік Жұманғарин жаңа жыл қарсаңында баға тұрақты болады деп уәде ете алмайтынын жеткізді. Демек, жылдағыдай мереке қарсаңында базардағы баға да құбылуы мүмкін.
Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы, Астана