Алматыда жасырын туберкулез инфекциясын анықтау үшін заманауи зертханалық тест енгізілді

Unsplash
Unsplash

Бұл туралы Жанар Сапиева айтып берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жасырын туберкулез инфекциясын анықтау үшін заманауи зертханалық тест енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева бұл әдістің тегін және қолдануға оңай екенін атап өтті.

“2024 жылдан бастап Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығында квантиферрондық тестпен тексеру басталды. Бұл заманауи зертханалық сынақ туберкулез инфекциясын белсенді және жасырын түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Манту мен диаскинтесттен айырмашылығы, квантиферрон сынағы денеге антигендер мен бактерияларды енгізуді қажет етпейді. Тест жүргізу үшін тамырдан қан алынады және нәтиже бірнеше күннен кейін дайын болады. Бұл сынақтың дәлдігі тері сынақтарына қарағанда әлдеқайда жоғары және инфекция болған жағдайда ғана оң нәтиже көрсетеді”, - деді Орталық директоры.

Жалпы, 2023 жылы ересектер мен балалар арасында туберкулезге скринингтік тексеру жүргізілді, онымен 646 08 адам қамтылды. Манту реакциясы туберкулез қаупі төнген 124 372 баланы тексерді.

Туберкулездің дифференциалды диагностикасын жүргізу үшін Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында Жапонияда шығарылған 64 тілімді компьютерлік томограф қолданылады. Бұл заманауи құрылғы туберкулезді басқа аурулардан ажыратуға және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Новости партнеров