Алматылық нейрохирургтердің біліктілігі тағы бір іспен дәлелденді

Almaty.tv
Almaty.tv
Дәрігерлер омыртқасы сынған жасөспірімді мүгедектіктен аман алып қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық нейрохирургтер омыртқасы сынған жасөспірімді мүгедектіктен аман алып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

14 жастағы науқас  Алматы қаласы Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығына (БЖМККО) омыртқа жарақатымен жеткізілген. Тексеру барысында жасөспірімде жабық бассүйек-ми және жұлын жарақаты анықталып, сондай-ақ L II омыртқасының (бел) компрессиялық ұсақталған тұрақсыз сынуы диагнозын қойылды.

- Консервативті емдеу кезінде баланың омыртқа бағанының деформациясы анықталды. Ондай диагнозбен ұзақ уақыт төсекке таңылып, өмірінің соңына дейін мүгедектік күйге шалдығар еді. Сондықтан біз тері арқылы бекіту әдісін қолданамыз  деп шешім қабылдадық. Әдіс сәтті болды, омыртқа тұрақтандырылды. Емдеуден кейін науқас өз аяғымен басып, жүріп кетті, - дейді БЖМККО нейрохирургі Айдын Нүсіпқожаев.

Балалар нейрохирургтары «Бел омыртқаға транспедикулярлық құрылымымен тері арқылы спондилодез» отасын жасады (яғни, бел омыртқасын металл құрылыммен тері арқылы бекіту).

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өткен. Жасөспірім аяғынан тұрып, арбасыз өзі жүретін болады.

БЖМККО нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мұхтар Ибрагимовтың айтуынша, бұған дейін аталған әдіс тек ересектердің  нейрохирургиясында қолданылған. 

Тұңғыш рет балалар нейрохирургиясында қолданылып отырған әдіс оң нәтиже берді. Мүгедектіктен сақтап қалу үшін мамандар металл конструкциясын теріге бекіту әдісін қолданған. Ота сәтті жасалды. Енді нәтижесі әдіс алдағы уақытта осындай науқастарға кеңінен қолданылады деп отыр БЖМККО дәрігерлері. 

Оқи отырыңыз: Медициналық ұйымдардағы несие қарызы тексеріледі - министр

Новости партнеров