Емханаға тіркелу: алматылықтар медициналық ұйымды таңдай ала ма

14.09.2023 19:22

Алматыда 76 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы жұмыс істейді

novoetv.kz

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жыл сайын емханаларға тіркелу науқаны басталады. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева 15 қарашаға дейін алматылықтар қалай және қайда тіркелуге болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда 40 мемлекеттік, 36 жеке меншік, 76 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы жұмыс істейді, Олардың барлығы ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді.

Екі әдіспен тіркелуге болады:

  •  Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тікелей хабарласу, 
  •  «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.

Айта кету керек, пациенттерге жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша науқаннан тыс емханаға тіркелу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ жұмыс немесе оқу орны көшкен және ауысқан жағдайда, медициналық мекеме таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде қайта тіркеледі.

Жеке тұлғаларды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту алғашқы МСКК-нің негізі болып табылады және мына қағидаттар бойынша жүзеге асырылады:

  • отбасылық қызмет көрсету принципі;
  • МСАК аумақтық қолжетімділігі;
  • МСАК аумақтық қолжетімділігі шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
  • пациенттің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы;
  • меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан теңқұқылы және адал бәсекелестік.

Еңбек мигранттарын тіркеуге келетін болсақ, ішкі істер органдары беретін уақытша тұруға рұқсат құжат қажет.

- Бұл құжатта шетелдіктің елде тұратын мерзімі көрсетіледі, дәл осы мерзімге медициналық ұйым еңбек мигрантын бекітеді. Тіркеуге сұрау салу дұрыс жасалған кезде көрсетілген мерзім өткеннен кейін, шетелдік ұйымнан автоматты түрде тіркеуден шығарылады, - деді Ләйлә Иманғалиева.

Тіркеу науқаны тек ӘМС қорының деректер базасында тіркелген медициналық ұйымдар арасында жүзеге асырылады. Қордың сайтында тіркелуге болатын емханалар тізімімен танысуға болады.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында автосуару жүйесі орнатылады