Жүрек ауруы кезінде не істеу керек

Unsplash
Unsplash

Бұл туралы кардиолог Зульфия Мақашева айтып берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ентігу - жүрек ауруының қауіпті және жиі кездесетін белгісінің бірі. Ол өмір сапасын едәуір нашарлатуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ентігу жүрек қанды айдаудың негізгі міндетін орындамағанда пайда болып, тіндердегі оттегімен жеткіліксіз болуына әкеп соқтырады.  

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының кардиологы Зульфия Мақашева жүрек патологиясы кезінде ентігу тыныштықта да, физикалық белсенділік кезінде де орын алуы мүмкін екенін айтады.

"Өкпе ауруларынан туындаған ентігу кезінде дем шығару қиын болады. Жүрек патологиясының одан айырмашылығы дем алу қиындайды. Бұл жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі ентігуге тән. Ол көлденең қалыпта күшейе түсіп, тік қалыпқа ауысқанда азаюы мүмкін", - деп түсіндіреді дәрігер.

Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі белгілер:

♦️Физикалық белсенділік кезінде тыныс алудың қиындауы

Жүрек жеткіліксіздігінің бастапқы кезеңінде ентігу серуендеу немесе баспалдақпен көтерілу сияқты физикалық белсенділік кезінде пайда болады. Уақыт өте келе ол тіпті минималды белсенділік кезінде немесе тыныштықта да пайда болуы мүмкін.

♦️Ауа жетіспейтіндей сезім

Жүрек ентігуі кезінде адам терең тыныс алғанына қарамастан, ауа жетіспейтін сезім болуы мүмкін. Бұл жағдай көбіне мазасыздық басқанда туындайды.

♦️Жатқан кездегі ентігу (ортопноэ)

Жүрек ентігуімен ауыратын науқастар көбіне шалқасымен жатқанда ыңғайсыздық сезінеді. Мұндай жағдайда тыныс алу қиынға соғады, бұл адамды жартылай отырып ұйықтауға не бірнеше жастықты қолдануға мәжбүр етеді.

♦️Түнгі тұншығу сезімі (пароксизмальды түнгі ентігу)

Бұл симптом - адамның түнде оянып кетуіне себеп болатын кенеттен ентігуі және ауыр жүрек жеткіліксіздігінің белгісі. Мұндай тұншығу сезімі жатқанда жүрекке түсетін қан көлемінің ұлғаюына байланысты, бұл жүрек бұлшықетіне жүктемені арттырады.  

♦️Шаршау және әлсіздік

Тіндегі оттегі жеткіліксіздігіне  байланысты дене тез шаршайды, бұл жалпы әлсіздікпен бірге жүреді.  

Ентігу көбіне сол жақ қарыншаның қызметінің бұзылуына әкелетін, мәселен жүректің ишемиялық ауруы, кардиомиопатия, жүрек ақаулары, жүрек ағынының бұзылуы сияқты жүрек аурулары кезінде пайда болады. Жүрек жеткіліксіздігін емдеу дәрі-дәрмек терапиясын, аритмологиялық араласуды (құрылғыны имплантациялау), хирургиялық емдеуді (жасанды сол жақ қарынша, жүрек трансплантациясы) және, әрине, оңалтуды қамтитын негізгі ауруды жоюға бағытталған.

Дәрілік емес терапияның маңызды аспектісі - өмір салтын өзгерту, ас тұзын шектейтін дұрыс тамақтану, дәрігердің үнемі бақылауы.

Қорытындылай келе, дәрігер жүрек ентігуі елеулі симптом екенін баса айтады, оны елемеуге болмайды.    

Егер сізде тыныс алу қиындаса, әсіресе жүрек ауруының басқа белгілері, мысалы кеуде ауыруы немесе жүрек жиі соғуы орын алса, диагноз қою және емдеуді бастау үшін дәрігерге қаралу маңызды.

Новости партнеров