ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінде А гепатиті мен қызылша ауруының көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр. Тиісті вакцина салдырмай дертке душар болғандар қатары көп. Мәселен, қызылша елдің барлық аймақтарында тіркелген.
Ауруды ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда анықталды. Вице-премьер Тамара Дүйсенова бұған дерттің қауіптілігі туралы халықтың ақпараттандырылмауы себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.
- Азаматтардың екпеден бас тартуы, жүргізілген насихат жұмыстарының нашар екенін аңғартады. Адам өзіне өзі жау емес. Қауіптің барын білсе, өзін қорғау шараларын қолданады. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі керек, - деді Тамара Дүйсенова.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектер неге қымбаттауы мүмкін