Бүгін Алматыда Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай 15 мамырға дейін жалғасатын айлық басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Барлық ҰОС ардагері және оларға теңестірілгендер үшін check-up өткізіліп, денсаулық мәселелерін анықтау үшін барлық зертханалық зерттеумен кешенді тексеру жүргізіледі, қажет болған жағдайда мамандандырылған ауруханаларда емделуге, оңалтуға және атап айтқанда, компьютерлік томография, МРТ, УДЗ, электрокардиография сияқты қымбат тексерулерге жолдама беріледі. Сондай-ақ пациенттермен психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді.
Сонымен қатар дәрі-дәрмекті үйге жеткізу жүзеге асырылады.
Тасымалдауға келмейтін науқастарға ыңғайлы болу үшін көпбейінді бригадалардың үй жағдайында медициналық қызмет көрсетуі қарастырылған. Жоғары технологиялық жабдықты пайдалана отырып, тереңдетілген тексеру қажет болса, ардагерлер тиісті медициналық ұйымдарға жеткізіледі.
Аталған науқанды өткізу үшін әр емхана ардагерлерге бару кестесін әзірледі.
Оның үстіне науқан аясында медицина қызметкерлері ардагерлерді құттықтап, оларға жылулық пен қамқорлық көрсету меқсатында азық-түлік себетін табыстайды.
Бүгінде Алматыда 44 ҰОС ардагері мен оларға теңестірілген азамат тұрады.
Оқи отырыңыз: Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен ҰОС ардагерлеріне 2 миллион теңгеден төленеді