Мүгедектіктің алдын алу: аяқ-қолында күрделі ақауы бар 16 сәбиге ота жасалды

Online Marketing / Unsplash
Online Marketing / Unsplash

Ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне шеберлік сабағын өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күрделі патологиясы бар 16 қазақстандық балаға Санкт-Петербург пен Алматының жетекші ортопед-травматологтары ота жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Талдықорғандық бір жасар баланың аяқ-қолдарында туа біткен және жүре пайда болған даму ақауына кұрделі ота жасалды. Өңірлік және жергілікті дәрігерлерге арналған халықаралық шеберлік сабағы аясында Алматының №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында микрохирургиялық, реконструктивтік ота жасау ұйымдастырылды. 

Бала 6 ай бұрын бір жасқа дейін қолдың термиялық күйігін алған. Қолындағы 5 саусағының шығып кетуімен қатар, олар  қозғалмай қалған.Тыртықты кесу және қалың бөлінген қақпақты трансплантациялау бойынша ұзақ уақытқа созылған күрделі ота жүзеге асырылды. 

№2 ҚБКА травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалиннің айтуынша, отаның күрделілігі оның буындарының зақымдануынан, күйіктен кейінгі өте үлкен килоидты тыртықтың болуында. 

Егер уақытылы хирургиялық әрекет жасалмаса, сәбидің саусақтарын өспей қалу қаупі бар. Сонымен қатар білек буынының қызметі бұзылып, өсу процесінде ақау болар еді.

Осыған байланысты шұғыл түрде балаға ота жасау керек  деген шешім қабылданды. 

Екінші қиындық - бұл аймақтағы барлық сіңірлер мен байламдар қысқарды, яғни бала өсті. Барлық байламдар мен жүйке, тамырлар бар. Олармен өте нәзік жұмыс істеу керек.

Сондай-ақ, шеберлік сабақтың аясында қол мен аяқтың өлшемдік өзгерістеріне де ота жасалды. 

Осыдан 9 жыл бұрын 3 жасында жарақат алған баланың  қолындағы иілгіш сіңірлері мен көлденең байламдары қалпына келтірілді. Қазір баланың жағдайы жақсы қолының иілгіштігі бір айдан кейін толық икемделген. 

Әлемде мұндай ақауларды қалпына келтіру оталары көп жасала бермейді, науқастардың саусақтарын кесу әдісі кең тараған. 

Алайда профессор Шведовченко көп сатылы операциялар жасауды тәжірибеге енгізген. Кезең-кезеңмен сайлақтарын қалпына келтіру отасы жүргізіледі. Екінші , үшінші кезеңдерде тіндер қалпына келтіріледі. Мұндай сатылық күрделі отаны дүниежүзі бойынша профессор Шведовченко ғана жасайды. 

Ресейлік әріптестердің қатысуымен өткен ерекше шеберлік сабағын Игорь Шведовченко мен Андрей Кольцов сыңты танымал хирург дәрігерлер өткізді.  Қазақстанның әртүрлі облыстарынан келген сирек патологиясы бар балаларға ерекше әрі күрделі оталар жасалды.

- Сонымен қатар, 44 балаға дәрігерлік кеңес берілді. Шеберлік сабаққа қатысқан еліміздің өңірлерінен келген мамандар үлкен тәжірибелік және ғылыми-теориялық тәжірибе алды, - деп атап өтті №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

Шетелге шықпай, бірегей операциялар мен өте құнды дәрігерлік кеңес тегін жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты: Қарағандыда сот процесі басталды

Новости партнеров