МӘМС аясында науқас жазылғанша ақысыз көмек көрсетіледі

09.01.2020 19:44

Ләззат Ақтаева қаладағы стационарларды, емханаларды және жеке клиникаларды аралады

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева орталық штабтың кезекті отырысында айтты. Ол Алматыдағы барлық медициналық ұйымдардың басшыларын жинап, жүйені тағы бір мәрте түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дайындықты тексерген вице-министрдің өзі де қаладағы стационарларды, емханаларды және жеке клиникаларды аралағанын айтты. Дәрігерлерге жаңаша әдістерді қолданып, халықтан қолдан келген көмекті аямауға шақырды.

«Ақылы және тегін көмек жайында сұрақ туындамауы керек. Оны біз сандық жүйеге көшірдік. Пакеттерді бөлу кезінде ешқандай қателік болмайды. Халыққа шұғыл көмек қажет болса, бұл тегін көрсетіледі. Мәселен, жедел жәрдем, санитарлық авиация шақырту. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша жұрттың бәрі бірдей емханаға жүгініп, стационарда емделе алады, диагностикадан өтеді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары  Ләззат АҚТАЕВА.

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында  жеке клиникаларға қаралуға да мүмкіндік бар. 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 1416 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Оның 708-і жекеменшік емдеу орталықтары. Толық ақпаратты медициналық сақтандыру қорының сайтынан қарауға болады.