Суық су дәмді бұзып қана қоймай, сонымен қатар қауіпті бактериялардың таралуына себеп болады
Етті пісірер алдында сумен шаймаған дұрыс. Өйткені өнімнің бетінде қауіпті бактериялар болуы мүмкін, олар жуған кезде асүйге шашырап, адамның терісіне түседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Зиянды микроорганизмдерді тек жоғары температура ғана жоя алады. Ет пісірер алдында сарапшылар ет шырынын майлыққа сіңіріп алуға кеңес береді. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу керек.
Кейбіреулер жұмыртқа пісірген кезде де жууға дағдыланған. Су кір мен бактерияларды жояды деп санайды.
Алайда мамандар жуған кезде қабығындағы барлық зиянды микроорганизм жұмыртқаның ішіне сіңіп кететінін айтады.
Сондай-ақ сарапшылар саңырауқұлақтарды ұзақ уақыт жумау керектігін алға тартып отыр. Өйткені олар суды тез сіңіреді. Сондықтан шайып, дереу қағаз сүлгімен сүрткен дұрыс.