ЭКО МӘМС жүйесіне кіреді: Алматыда медициналық сақтандыру есебінен осындай 3687 қызмет көрсетілді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
2021 жылы жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар мен манипуляцияларға барлығы 14,9 млрд теңге бағытталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ЭКО МӘМС жүйесіне кіреді: Алматыда медициналық сақтандыру есебінен осындай 3687 қызмет көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылы жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар мен манипуляцияларға барлығы 14,9 млрд теңге бағытталды.

Міндетті медициналық сақтандырудың арқасында алматылықтарға ЭКО сияқты қымбат қызметтер қолжетімді. Егер 2020 жылы 563 млн теңге сомаға 643 ЭКО манипуляциясы жүргізілсе, 2021 жылы 3687 қызметке 3,5 млрд теңге бағытталды. Өсім 5,7 есе.

«Қазір Алматы бойынша медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт аясында 8 медициналық ұйым экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүзеге асыруда», деді Т. Әбілдаев.

Сондай-ақ, ол 2020 жылы жоғары технологияларды қолдана отырып, 184 кардиохирургиялық операция жасалғанын, ал өткен жылы 5,7 млрд теңге сомасына 1329 қызмет көрсетілгенін атап өтті.

Бұдан басқа, өткен жылы ТМККК бойынша қаржыландыру айтарлықтай артты – МӘМС қорынан шамамен 182,2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде, жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация қызметтеріне 9,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке-36,8 млрд теңге, стационарлық көмекке – 14,1 млрд теңге, онкологиялық науқастарға медициналық көмекке – 16,5 млрд теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке – 2,4 млрд теңге, амбулаториялық гемодиализге – 5,8 млрд теңге бөлінді.

Новости партнеров