Алматыда жаңа перинаталды орталық салынып жатыр

11.11.2021 19:59

«Керуен» компаниясының тобы Алматыда жаңа перинаталды орталықтың құрылысын бастады

пресс-служба акима Алматы

Аталған жобаны жүзеге асыру компанияның Алматы әкімдігімен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы ынтымақтастық  арқасында мүмкін болды. Жобаны DAMU қоры қолдады және «Нұрбанк» АҚ қаржыландырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық ең заманауиқұрылғылармен жабдықталады, «Керуен-Меdicus» клиникасының босандыру және жүктілікті жүргізу бойынша медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін едәуір ұлғайтады.

Сондай-ақ, орталықта неміс және корейлік серіктес клиникаларымен ынтымақтаса  отырып, жергілікті мамандар озық технологияларды мңгереді және білімдерін жетілдіреді. Мұндай серіктестік дәрігерлерге жетекші шетелдік клиникаларда, осы саладағы үздік мамандардан тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.

Жаңа орталықта 150-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейтін болады.

Құрылыстың аяқталу мерзімі 2022 жылдың соңына жоспарланған.