Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында заманға сай КТ-орталық ашылды

Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында заманға сай КТ-орталық ашылды
Бақытжан Сағынтаев медицина қызметкерлерін алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының №36 емханасында болды, оның базасында заманға сай құрылғылармен жабдықталған жаңа диагностикалық орталық ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев медицина қызметкерлерін алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Алматы әкімі Жаңа Алматы шағын аудандарында заманауи КТ-орталықтарын ашу жедел араласуды талап ететін шұғыл аурулар кезінде патологияларды диагностикалау және ерте анықтау бойынша халыққа қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті.

64 тілімдегі компьютерлік томограф жоғары жылдамдықпен сканерлеуді орындайды. Аппараттың жұмыс істеуі КТ-зерттеулерін басқа емдеу ұйымдарына жіберу қажеттілігін айтарлықтай төмендетеді.

«Жаңа томограф, әрине, пандемия кезінде біз үшін қиын уақытта зерттеу кезектерін едәуір жеңілдетеді. Аппараттың қуаттылығы күніне 40-қа жуық адамның тексеруден өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл біздің тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартады», - деді Наурызбай ауданының медициналық ұйымдарының басшысы Гүлжанат Тілеген.

№36 емхана жанындағы КТ орталығы тек Наурызбай ауданының ғана емес, Әуезов, Алатау аудандарының, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай ауданының тұрғындарына да қызмет көрсететін болады.

Хабарланғандай, бүгінде Алматы қаласының денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау көрсеткіші 91,5%-ға жетті. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуы 100%-ға дейін жеткізілді. Жедел медициналық жәрдем жұмысы жақсарды. 3 жаңа қосалқы станция салынды. Бригадалар саны екі есеге артты. Автопарк 70% жаңартылды.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы және ықтимал эпидемиологиялық қатерлерге ден қою бойынша елдің ғылыми-медициналық әлеуетін шоғырландыру мақсатында Алматыда инфекциялық аурулардың көпбейінді ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы басталды.

Осы жылы үш емхананың, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының және №2 ҚБКА қосымша корпустарының құрылысы, паллиативтік көмек орталығы бар жаңа онкологиялық орталықтың және Медеу ауданында көпбейінді стационар салынуда.

250 төсектік Балаларды оңалту орталығын және 50 төсектік ерте араласу орталығын орналастыру үшін бұрынғы Алматы темір жол ауруханасын қайта жаңарту және күрделі жөндеу жоспарлануда.

Новости партнеров