Air Astana әуе компаниясының ұшқышы пневмониядан қайтыс болды

16.07.2020 20:06

Өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан

Air Astana әуе компаниясының  Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды. Өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұшқыштың ұлы Мұстахим Сиденғалиевтің айтуынша, Қанат Сиденғалиев кеңестік кезеңнен бері ұшып бастаған. Өмірінің 36 жылын әуеде өткізгенін айтады.  

Соңғы жылдары Қанат Сиденғалиев «Эйр Астана» компаниясында жұмыс істеген, Airbus А-320 экипажының капитаны болған.

Ұшқыш соңғы рейсінен келген соң жағдайы нашарлаған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Ұлының айтуынша, ауруханада жатқанымен, дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Салдарынан 3 шілдеде Қанат Сиденғалиев 57 жасында дүниеден өтіпті.