Медицина ғылымдарының докторы Раушан Қарабаева қан ұюға қарсы (антитромб - еск.) препараттарды орынсыз пайдаланудың қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, бүгінде науқастар антитромб препараттарды инъекция түрінде үйде пайдаланады - бұл қауіпті. Коронавирус инфекциясы тромбоздың түзілуіне себепкер болады және бұл препараттар мұндай инфекция кезінде антитромб үшін пайдалануға болады. Бірақ бұл терапияны тек стационарда лабораториялық бақылау арқылы жасау керек», – деді Қарабаева ОКҚ брифингінде.
Антикоагулянттар – қанның ұйып, тромб түзілуіне кедергі жасайтын дәрілік заттар. Ацетилсалицил қышқылы (аспирин) қанның ұюын азайтады, бірақ антикоагулянттарға жатпайды. Ацетилсалицил қышқылы салдарынан асқазан жарасы пайда болуы және асқазан-ішек жолы қанауы мүмкін. Асқазан-ішек жолдарында проблемалары бар адамдарға ішуге болмайды.