Көкжөтел: Ақтөбе облысында 100-ден астам адам дерт жұқтырған

Unsplash
Unsplash

Ауру балалар үшін қауіпті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында көкжөтел өршіп тұр. Биыл аймақта 100-ден астам адам дерт жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың арасында 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар бар. Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтелді тұмаудан ажырату қиын. Сондықтан алғашқы белгілері байқалған сәтте ақ халаттыларға жүгінген жөн. Ауру  балалар үшін қауіпті.

Айта кетейік, небәрі 4 айдың ішінде өңірде 43 жағдай тіркелген.

– Ауру жұқтырған балалардың 95 пайызы екпе алмаған. Бұл – аса қауіпті ауру. Бірден медициналық көмекке жүгінген жөн. Былтыр қараша-желтоқсан айларында, жаңа жылдан кейін қаңтар-ақпан айларында дерт қатты өршіді. Қазір жағдай тұрақталып келеді, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Оқи отырыңыз: Орталық қалалық клиникада жаңа медициналық технология енгізілді

Новости партнеров