Алматы халқының 42% профилактикалық екпемен қамтылған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл туралы Әсел Қалықова айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы жылдың басынан бастап профилактикалық екпемен қамту 39,5-42% шегінде қажетті деңгейге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоспарлы вакцинация қалай жүргізіледі және эпидемиологиялық жағдай қандай екенін Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

«Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, жыл сайын қала профилактикалық екпемен 95%-дан астамын қамту көрсеткішін орындайды. Уақытылы иммундау вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететін халық арасында иммундық қабат құруға мүмкіндік береді. Вакцина адамзат ойлап тапқан  ең жақсы өнертабыстардың бірі екені жалпыға мәлім, өйткені ол миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді Ә.Қалықова.

Ол халықты вакцинациямен қамтудың жоғары көрсеткіштерімен ғана қоғамда ұжымдық иммунитет сақталатынын еске салды - бұл вакцинацияланбағандарды екпе алғандар есебінен жанама қорғау. Ұжымдық иммунитет вакцинация салғызбағандардың үлесі артқан кезде бәсеңдейді.

«Халықты вакцинациямен барынша қамтудың тиімділігі вакцинациямен басқарылатын аурулардың көпжылдық динамикасымен дәлелденді. Мәселен, соңғы 20 жылда қызамық ауруының 3 мың есеге, паротитпен - 140 еседен астам, «В» гепатитімен ауыру - 40 есеге төмендеген. Соңғы жылдары елде сіреспенің жекелеген жағдайлары тіркелді, дифтерия (2009 жылдан), полиомиелит (1996 жылдан) жағдайлары тіркелмеді», - деп толықтырды Қалықова.

Сарапшы атап өткендей, республика аумағында профилактикалық екпе жұмыстарын  жүргізу бірнеше нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі, олардың ішінде «Халық денсаулығы және ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, негізгі профилактикалық екпелер Үкіметтің 24.09.2020 жылғы №612 қаулысымен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Вакцинацияланбаған балаларды мектепке дейінгі мекемелерге жіберу ережелері де регламенттелген.

«Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы № 289 вакцинацияланбаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы қолданылады. Осы бұйрықпен мектепке дейінгі балалар мекемелері болып табылатын ұйымдасқан ұжымға кіру вакцинацияланбаған балалардың саны 10% - дан аспауы тиіс екендігі регламенттелген. Қазіргі уақытта біздің қызмет Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және Білім басқармасымен бірлесіп осы бұйрықты орындау бойынша барлық профилактикалық іс-шараларды жүргізуде»,- деп түсіндірді спикер.

Департаменттің деректері бойынша бүгінгі таңда Алматы қаласында вакциналар саны жеткілікті, бұл тиісті контингентке профилактикалық екпе жұмыстарын уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде бір жасқа дейінгі балалар, бұл қала  халқы арасында инфекциялық-паразиттік сырқаттанушылық көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді.

Новости партнеров