Орфандық аурулар: Алматыда балаларды емдейтін орталық ашылды

25.12.2023 20:24

Науқастарға жан-жақты медициналық көмек көрсетіледі

Almaty.tv

Алматыда балалар арасында сирек кездесетін ауруларды емдейтін арнайы орталық ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда науқастарға жан-жақты медициналық көмек көрсетіледі. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде елде орфандық дертке шалдыққан 40 мыңнан астам балдырған бар. Ал жаңадан құрылған орталық республика бойынша жұмыс істейтін болады. Ауруханада ашылған бөлімшеде, одан бөлек, бұлшықеттің невралогиялық сырқаты мен дистрофиясы сынды ауруларды да емдейді

– Баланың ары қарай өсіп өнуіне, әлеуметтік тұрғыда басқа балалармен бірге бір қатарда өсуін қадағалайды. Бұл жерде балалардың емдеу жолдары басқа ауруларға қарағанда ерекше, – деді С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ақсай» балалар орталығының бөлім меңгерушісі Мадина Жақсыбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті