Алматыда қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Мамандардың айтуынша, вакцина – балалардың иммунитетін нығайтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті. Соған қарамастан, профилактикалық екпеге мән бермейтін ата-ана азаймай тұр. Мамандар осылай деп дабыл қағуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар бұл әрекет халық арасында қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне алып келетінін айтты.

– Алматыда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Биыл наурызждан бастап қызылшаның нақтыланған 3621 жағдайы тіркелді. Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды. Олардың үлесі 76 пайыздан астам. Қызылшамен ауырғандардың көбі қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар, екпе алмау себептерінің көбі – ата-аналардың екпе жасаудан бас тартуы. Сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар болуы бойынша екпе алмағандар және екпе жасау жасына жетпеген балалар арасында тіркелуде. Бүгінгі Алматы қаласы бойынша қызылшаға қарсы жаппай иммундалған адамдардың саны 60 мыңнан асады. Қызылшаға қарсы вакцина – балалардың иммунитетін нығайтады және аурудың алдын алады, аурудың асқынуының алдын алатын тиімді тәсіл, – деді Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Алмаш Ахметова.

Оқи отырыңыз: Қызылша: СҚО-да 200 жағдай тіркелді

Новости партнеров