Балаларға қандай екпе салу керек? Бұл сұрақтың жауабын алматылық педиатр айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәрігердің айтуынша, ауруды емдегенше, өоны алдын алған жөн. Әсіресе, бұл гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және басқа да ауыр инфекцияларға қатысты.
Бұл аурулардың алдын алу мақсатында біздің елімізде вакцинация жүргізіледі.
"Алау" оңалту орталығының директоры, педиатр Майя Шегебаеваның айтуынша, балаларға жоспарлы профилактикалық егулер ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.
"Бала тіркелген медициналық ұйым мемлекеттік немесе жеке болсын, барлық міндетті екпе бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады. Олардың тізімі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Тегін егуге келесілер жатады: туберкулезге (БЦЖ), гепатитке, АКДС-қа (полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе), В типті гемофильді инфекцияға, пневмококк инфекциясына, сондай-ақ қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы.
Маманның айтуынша, вакцинация тек медициналық мекемеде жасалуы қажет, себебі барлық вакцина арнайы сақтау шартын қажет етеді.
Вакцинация дер кезінде қойылмаған жағдайда баланың ауруды жұқтыртып алу қаупі өседі.
Алғашқы вакцинация балаға перзентханада, өмірге келгеннен кейін 1-4 күнде - туберкулезден (БЦЖ) және В гепатитінен жасалады.
2 айда сәбилерге гепатитке, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС) және В типті гемофильді инфекцияға қарсы кешенді егу, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы вакцина жасалады.
3 айда көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС), полиомиелитке және В типті гемофильді инфекцияға қарсы қайталама егулер жасалады.
Бір жасқа дейін жасалатын соңғы егулер – 4 айда гепатитке, полиомиелитке, В типті гемофильді инфекцияға және көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинациялаудың 3-кезеңі, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы екі рет егу қойылады.
12-15 айда балаға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина қою керек, полиомиелит пен пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияны қайталау керек.
1,5 жаста - АКДС, полиомиелит және В типті гемофильді инфекцияға қарсы ревакцинациялау жасалады.
Әрі қарай, балалар мектеп жасында бірнеше вакцинация алады.
16 жаста - сіреспе мен дифтерияға қарсы егу (АДС-м) жасалады, оны 10 жыл сайын қайталау қажет.
Майя Шегебаева әр вакцина үшін болуы мүмкін жанама әсер мен асқынуды атап өтті.
"Температураның қалыпты жоғарылауы, инъекция орнында ауырсыну сияқты реакциялар жиі кездеседі. Балаларда жиі ұзақ жылау, тәбеттің төмендеуі байқалады. Вакцинациядан кейін балада, мысалы, аллергиялық реакция болуы мүмкін, сондықтан барынша тез медициналық көмек алу үшін екпеден кейін кем дегенде 30 минут бақылауда болу кереу. Егер көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы вакцина енгізгеннен кейін баланың температурасы көтерілсе, алаңдамаңыз. Бұл препараттың жұмыс істейтінін білдіреді. Егер бала егу мерзімін өткізіп алса, ол жалпы ережелерге сәйкес құрдастарын "қуып жетуі" керек. Мысалы, "В" гепатитіне қарсы екпе алмағандар келесі схема бойынша алады: бірінші процедура, бір айдан кейін екінші, ал тағы 5 айдан кейін — үшінші", - деп түйіндеді ол.