|
19.01.2024 | 15:36
2282

Алматыда жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды

Бес қабатты ғимаратта тіркеу бөлімі, күндізгі стационар, терапия, гинекология, балалар, стоматологиялы, оңалту және физиотерапия бөлімдері орналасқан

Алматыда жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК дамыту аясында денсаулық сақтау саласы объектілерін салу бойынша жобалар іске асырылуда, деп хабаралайды Almaty.tv

Бүгін Жетісу ауданының Кемел шағынауданында (Есімхан көшесі 127) Алматы қалалық №21 емхана филиалының МСАК-тің кезекті орталығы ашылды.Нысанның құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде басталды.

МСАК орталығы ауысымына 200 келуге есептелген. Қазіргі заманғы емдеу мекемесі 9 мың ересек жандарға және 3 мыңнан астам балаға білікті медициналық көмек көрсететін болады.

Аталған орталықтың ашылуы Кемел шағынауданы мен жақын маңдағы аудандардың тұрғындарын сапалы медициналық қызмет көрсетумен қамтуға және қолданыстағы үш емхананың: №21 БП, №11 БП және «Құлагер» МСАК орталығының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, онда бекітілген халық саны 156 мың адамды құрайды.

Бес қабатты ғимаратта тіркеу бөлімі, күндізгі стационар, терапия, гинекология, балалар, стоматологиялы, оңалту және физиотерапия бөлімдері және т.б орналасқан.

Орталықта қабылдауды жоғары білікті мамандар жүргізеді: жалпы практика дәрігерлері, терапевт, акушер-гинеколог, невропатолог, эндокринолог, кардиолог, ЛОР, окулист, аллерголог, хирург – травматолог, реабилитолог.

Сапалы медициналық көмек көрсету үшін орталық заманауи құрылғылармен жабдықталған, олардың ішінде: сараптамалық класс аппараттары - УДЗ, ЭКГ, дефибриллятор, 3 датчигі бар ультрадыбыстық түсті сканер, стерильді құралдарды сақтауға арналған ультракүлгін камералар, стоматологиялық кешен және басқалар.

Айта кетерлігі, халыққа медициналық қызмет көрсетуді дамыту Алматы қаласы әкімдігінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қала бойынша бүгінде Әуезов және Жетісу аудандарында 2 МСАК орталығы және Жетісу ауданында 1 жаңа емхана ашылды.

Алматы қаласының бірыңғай стандарты бойынша 11 МСАК орталығы мен емханалардың құрылысына ЖСҚ әзірленуде (мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алудың және ЖСҚ әзірлеудің аяқталу мерзімі – 2024 жылғы I тоқсан).

Бірыңғай стандарт озық халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді білдіреді.

МСАК бірыңғай стандарты жобалық-технологиялық шешімдерге, медициналық қызметтер көрсету регламенттеріне, менеджментке және цифрландыруға 3 негізгі критерий бойынша: қолжетімділік, сапа және технологиялылық тәсілдерін стандарттауды көздейді.

Қолжетімділік критерийі аудандарды аймақтарға бөлу, пациенттер ағынын бөлу, заманауи навигация және инклюзивті орта құру бойынша бірыңғай жобалық-технологиялық шешімдер кешенін қамтиды.

Осы талаптарға сәйкес бекітілген халық санына байланысты жабдықпен жарақтандырудың және мамандармен қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттары әзірленді. Мысалы, ауысымда 500 келушіге арналған МСАК үшін кем дегенде жоғары технологиялық диагностикалық жабдықтың (МРТ, КТ, флюорография, цифрлық маммография, ультрадыбыстық аппараттар, эндоскопия, офтальмология және жүктеме сынақтарының заманауи жүйесі) заманауи жиынтығы болуы тиіс. Мамандардың бірыңғай стандарты-кем дегенде міндетті 8 дәрігердің (хирург, невропатолог, травматолог, кардиолог, офтальмолог, онколог, эндокринолог, оториноларинголог) және ең көп сұранысқа ие мамандықтар бойынша қосымша 5 жеке маманды (уролог, ревматолог, аллерголог, пульмонолог, гастроэнтеролог) қамтиды.

Сонымен қатар әрбір емханада халықпен кері байланыстың бірыңғай стандарты жасалады. Медициналық шешімдерді талдау және диагностика, деректерді орталықтандырылған өңдеу үшін жасанды интеллект қолданылады. Сондай-ақ, телемедицинаны қоса алғанда, қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету жөніндегі сервис дамитын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир