Оңтүстік Кореяда IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасы басталады. Қазақстанның намысын 5 спорт түрінен 41 атлет қорғайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дүбірлі дода алдында Туризм және спорт министрі мен Ұлттық олимпиада комитетінің басшылығы арнайы қалашықты аралап, отандық спортшыларға толағай табыс тіледі.
Айта кетейік, Канвон-2024 ойындарында 14 пен 17 жас аралығындағы 1800 спортшы бақ сынайды. Олар әлемнің 80 елінен келген. Ал сарапқа салынатын медаль жиынтығы - 81.
– Байқау болатын жерде сіздерді көріп, қарсы алғаныма қуаныштымын! Қаншама қонақ, спортшының келгенін көріп тұрсыздар. Өздеріңіз де маңдай тер, мол еңбекпен жаттығып, осы додада бақ сынайсыздар. Сіздерге еліміз үміт артып отыр. Алға, Қазақстан! – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды