Қазақстанда жедел жәрдем қызметі қалай өзгереді

elements.envato.com
elements.envato.com

Бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жедел жәрдем бригадасы құрамына жаңа маман қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік халыққа шұғыл медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін ведомствоның "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізген.

Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасы құрамына парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмысына қатысатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның 18% – мамандандырылған бригадалар.

Новости партнеров