Отшашудан жарақат: қандай алғашқы көмек көрсету керек

20.12.2023 20:39

Орталық клиникалық аурухана травматологы кеңес береді

Сурет: elements.envato.com

Алматы қаласы ӨКҚ брифингінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматологы Осман Кадыров кез келген пиротехникалық бұйымнан өрт шығу немесе жарақат алу қаупі бар екенін атап өтті. Дәрігер пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша ұсыныстарын бөлісті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Петарда, отшашулар мен шағын зымырандар көзге тарртымды көрінгенімен, қауіпті келеді. Кез келген пиротехникалық бұйымнан өрт шығу немесе жарақат алу мүмкіндігі бар. Осындай жарақат алған науқастарға көмек көрсету тәжірибесіне сүйене отырып, азаматтарға бірнеше кеңес бергім келеді, – деді Осман Кадыров.

Жазатайым оқиға болғанда, дәрігер келгенге дейін келесі әрекеттерді орындау керек:

- көзге бөгде бөлшектер түссе (егер оқиға үйде болса), көздің шырышты қабығын бөлме температурасындағы қайнаған сумен көп мөлшерде шайып, көзге таңғыш қою керек;

- егер жазатайым оқиға далада болса, қолда бар құралдарды (орамал, шүберек) қолданып, көзге тағу жеткілікті. Олар болмаса, қалпақты көзіңізге тартуға немесе қолмен жабуға болады.

- шұғыл медициналық көмекке жүгіну.

 Теріге жарылыс бөлшектерінің түсуімен термиялық күйік болған жағдайда:

- егер жазатайым оқиға үйде болса, теріні ағынды сумен шаю және құрғақ асептикалық таңғышты қолдану қажет. Егер жазатайым оқиға далада орын алса қолда бар материалдарды пайдаланып таңу керек (таза орамал не шүберек);

- майлы таңғыштарды қолдану, теріні арақпен, одеколонмен, ұнтақтар себу және мақта қолдану ұсынылмайды;

- жақын жердегі травматология орталығына жүгініп, көмек сұраңыз.

- Тері зақымдануы орын алған жағдайда (егер оқиға үйде болған болса) онда асептикалық таңғышты қолдану қажет. Жазатайым оқиға көшеде болса, қолда бар материалды (таза орамал, таза шүберек) пайдаланып таңғыш қою керек. Қан кету сыңды ашық жаралар болса, таңғыш таңып, жедел жәрдем шақыру керек, - дейді дәрігер.

Сондай-ақ спикер Алматы қаласында №4 ҚКА, №7 ҚКА, ҚЖШККА, ОҚКА, БЖМЖО және №2 БҚКА көпсалалы стационарларында травматологиялық пункттердің тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салды.

Оқи отырыңыз: Алматы қалалық ТЖД пиротехникалық бұйымдарды пайдалануда абай болуды ескертеді