Алматыда Ашық есік күні медициналық ұйымдарда қалай өтеді

 Almaty.tv.
Almaty.tv.
Іс-шаралар маусымның 1-де сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Бірінші маусымда Алматы қаласының мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарында, сондай-ақ №2 қалалық балалар ауруханасында, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында, Қалалық перинаталдық орталықта Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жас пациенттер үшін Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, бұл акция халықтың назарын балалардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселеcіне аударуға бағытталған.

Бұл күні емханадағы барлық бала педиатр, невропатолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, тіс дәрігері, психолог және басқа да көптеген мамандандырылған мамандардан кеңес ала алады.

Аспаптық зерттеулер, балалардың бойы мен салмағын өлшеу, тыныс алу жүйесін кешенді бағалау, баланың психофизикалық және соматикалық денсаулығының деңгейін бағалау жүргізіледі.

Осыдан кейін ата-аналар баланың денсаулығы туралы қорытынды және қажетті ұсыныстар алады.

Периатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Орталықта туған 1 жасқа дейінгі сәбилерге кеңес беріледі.

Түрлі патологиялар, балалары мерзімінен бұрын туған ата-анаға кеңес беру, динеонатологтардың, балалар невропатологтарының, Катамнез орталығы дәрігерінің, балалар ультрадыбыстық диагностикасы дәрігерінің (нейросонография) консультациялары жүргізіледі.

Қалалық перинаталдық орталықта балаларға консультацияны неонатолог, педиатр, балалар невропатологы, ультрадыбыстық нейросонография дәрігері және балалар офтальмологы жүргізеді.

Көрсеткіштерге сәйкес қосымша зерттеудің аспаптық әдістері: нейросонография, құрсақ қуысы мүшелері, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі, көз түбін тексеру және басқа да офтальмологиялық зерттеулер жүргізіледі.

№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында Алматы қаласы Әуезов ауданының балаларына тегін консультациялар өтеді, оны аурухананың жетекші мамандары, консультативтік-диагностикалық орталықтың қызметкерлері, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ, ҚРМУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖММ (кардиолог, нефролог, аллерголог, пульмонолог, невропатолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, гематолог, хирург, травматолог, уролог, онколог, офтальмолог) университет кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізеді.

Балалар хирургі, торакальді хирург, проктолог, нейрохирург, педиатр, ревматолог, нефролог, ортопед, травматолог, невропатолог мамандықтары бойынша үлкен тәжірибесі бар профессорлар, ғылым кандидаттары және дәрігерлер Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында консультация береді.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған ұйымдарда тақырыптық дөңгелек үстелдер, байқаулар, балалардың суреттері мен қолөнерінің көрмелері, сондай-ақ кездесулер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Іс-шаралар маусымның 1-де сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.

Новости партнеров