|
28.05.2022 | 16:01
2008

ДДСҰ 33 елде балалардың белгісіз гепатитке шалдыққанын мәлімдеді

Бұл ауру түрі көбіне Еуропа елдерінде тіркелген

ДДСҰ 33 елде балалардың белгісіз гепатитке шалдыққанын мәлімдеді sputnik.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 33 елде 650 балада ауыр гепатиттің анықталғанын хабарлады. Бұл гепатиттің этиологиясы әлі белгісіз және зерттеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Ауру жұқтыру фактілері осы жылдың 5 сәуірі мен 26 мамыры аралығында анықталды. Тіркелген жағдайлардың көбі Еуропада, 222 жағдай Ұлыбританияда анықталған. Еуроодақтағы жағдайдың 75%-тен астамы бес жасқа дейінгі балаларда тіркелгені белгілі болды. Тағы 99 жағдай ауру түрін жіктеуді күтіп отыр.

"Осы ауыр гепатиттің этиологиясы белгісіз болып отыр және зерттеу жүргізіліп жатыр. Ықтимал қоздырғыштың көзі мен жұғу жолы әлі анықталған жоқ. Бұл жағдайлар клиникалық тұрғыдан аса ауыр болып отыр. Сондай-ақ бұл ауру кезінде бауыр жұмысының жеткіліксіздігі асқынуы байқалады", - деді ДДСҰ мамандары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 650 ықтимал жағдайдың 38-інде (6%) балаға бауыр трансплантациясы қажет болса, 9 жағдайда (1%) бала қайтыс болған.

Сарапшылар әзірше ауру қоздырғыш көзі мен жұғу әдістерін анықтай алмай отыр. Сонымен қатар, дәрігерлер кейбір науқастарда коронавирус немесе аденовирусты анықтады, бірақ бұл деректер әлі толық емес. ДДСҰ әлемдік деңгейде аурудың қаупін орташа деп бағалап отыр. Осы жағдайлардың ықтимал себептеріне қосымша жан-жақты эпидемиологиялық, клиникалық, зертханалық, гистологиялық және токсикологиялық зерттеуді бірнеше ұлттық орган, зерттеу желілері және ДДСҰ-дағы әртүрлі жұмыс топтары және серіктестер жүргізіп жатыр.

ДДСҰ-дағылар осы ауру түрін жұқтыру фактілерін анықтауға, тексеруге және ол туралы хабарлауға кеңес берді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир