Мегаполистегі ВИЧ жұқтырған ауруханада эпидемиологиялық тергеу басталды

15.06.2023 20:50

Кеше 3 адамнан иммундық тапшылық вирусы анықталған болатын

news.myseldon.com

Алматыда ВИЧ тараған ауруханада эпидемиологиялық тергеу басталды. Бұл туралы еліміздің бас дәрігері Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министр мәліметінше, қазіргі таңда қауіпті кесел тарап кетпеу үшін сақтық шаралары күшейтілген. Емханаға толық эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, инфекцияның ошағын, жұқтыру жолы анықталады. Еске сала кетсек, кеше 3 адамнан иммундық тапшылық вирусы анықталған болатын.

«Кеше хабар түскен бойда комиссия құрылып Алматы қаласына жолданды. Олар ауруханадағы аурумен қай жерде, қалай жұқтырғанын анықтап, тексеріс жүргізетін болады», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Оқи отырыңыз: Мегаполистегі аурухананың бірінде науқастар ВИЧ инфекциясын жұқтырған