Жоба аясында індетті жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдар тексерілді.
Жұқпалы аурулардың алдын алу, адамның иммундық тапшылығы вирусының жаңа жағдайын азайту. Мегаполисімізде осы мақсатта «Денсаулық үшін тиімді әріптестік» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шарада «Адамның иммундық тапшылығы вирусын бақылаудың Алматы моделі» жобасының нәтижелері ұсынылды. Бағдарлама Қазақстандағы ICAP басшылығының және қоғамдық ұйымдардың қолдауымен 2020 жылы құрылған.
– Бұл конференцияға басқа мемлекеттерден әріптестер келіп жатыр. Орта Азия мемлекеттері, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және де Ресей Федерациясының делегациялары қатысты, – деді жобаның ұйымдастырушы Маржан Мырзалы.
Жоба аясында індетті жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдар тексерілді. Ауруға шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болғандарды да бақылауға алу мүмкін болды. Сондай-ақ жұқпаға қарсы өзін-өзі тексеру үшін онлайн платформа құрылған.
– hivtest.кz cайты арқылы тест заказ беріледі. Тесті постамат арқылы ала алады. Үй жағдайында жасап, нәтижесін біле алады. Нәтижесі оң болса, эпидемиологтар тексереді. Ал теріс болса, алты айдан кейін немесе бір жылдан кейін қайта тапсыра алады, – деді ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігері Айгерім Әлмбекова.
Оқи отырыңыз: Алматыда әлемнің жетекші дәрігерлері бас қосты