СҚО-да 20 адамнан «доңыз» тұмауы анықталды

aikyn.kz
aikyn.kz
Төрт науқасқа «Гонконг» тұмауы диагнозы қойылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да тұмау өршіп тұр. Былтыр 18 мың адам ауруға шалдықса, биыл 30 мың науқас тіркелген. Ауырғандардың 65 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Солтүстік аймақта эпидемиологиялық маусым басталғалы 269 адам жіті респираторлық вирустық инфекция  жұқтырыпты. Оның 20 науқастан «доңыз» тұмауы анықталды. Төртеуіне H3N2, яғни «Гонконг» тұмауы диагнозы қойылған.

«СҚО-да жіті респираторлық вирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайы сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады. 2022-2023 эпидемиологиялық маусымның басынан бастап өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе өскендігі байқалады. Науқастардың ең көп саны балалар арасында байқалып отыр», – деді СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.

Бұл жолы аурудың белгілері түсініксіз болды деген қала халқы індеттің өршіп тұрғанын растап отыр. Петропавл тұрғыны Ержан Серғатин бірер күн бұрын дене қызуының 39 градусқа дейін көтеріліп, төсек тартып қалғанын айтады. Тұмаудың қандай түрімен ауырғанын білмейтін азамат ешбір медициналық мекемеге жүгінбей, өз бетінше емделуді жөн көріпті.

«Көбі вирус жұққан шығар» деп қойды. Қандай аурумен ауырғанымды өзім де түсінбеймін. Бірақ бұған дейін дәл осылай ауырып көрмеппін. Содан ем қабылдай бастадым. Бірнеше күн ішінде толығымен жазылдым», – деді қала тұрғыны Ержан Серғатин.

Ал 53 жастағы Нұргүл Мақышева тұмау жұқтырып, жанұясымен бірге 2 жұма ауырған. Бұл жолы тұмау белгілерінің де басқаша болғанын айтады. Басы ауырып, дене қызуы қатты көтерілген.

«2 жұмадай емделдік, жатып. Есімізді жидық, Аллаға шүкір. Қазір балалар үшін қорқасың», – деді қала тұрғыны Нұргүл Мақышева.

Облыс бойынша эпидемиологиялық маусым басталғалы жіті респираторлық вирустық инфекциямен стационарларда 748 адам жатып, ем алып шықты. Олардың ішінде  96 жүкті әйел бар, 599 бала. Тұмаудың ең көп жағдайы Петропавл қаласында тіркеліпті. Ал «доңыз» тұмауын республика бойынша 542 адам жұқтырған.

Нұргүл Алина, Жұлдызбек Ермұқанов, «Алматы» телеарнасы, СҚО

Новости партнеров