Елімізде тегін берілетін дәрі-дәрмектер сатылып келген

10.12.2020 21:29

Кейіннен олардың бұл препараттарды сатумен айналысқаны әшкереленіпті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда тегін берілетін дәрі-дәрмектер сатылып келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміз бас көлік прокуратурасының мәліметінше компания қарашада елге 400 миллион теңге болатын дәрілерді гуманитарлық көмек ретінде жеткізген. Әккі кәсіпкерлер препараттарды гуманитарлық тауар ретінде тіркеп, осылайша 40 миллион теңге көлемінде болатын салықтан жалтарған. 

Кейіннен олардың бұл препараттарды сатумен айналысқаны әшкереленіпті. Дерек бойынша қазір Алматыда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Ал тағы бір компания сомасы 140 миллион теңге болатын медициналық қорғаныс киімдерін шетелге шығармақшы болған.