|
19.01.2022 | 16:29
4493

ҚР Қарулы Күштерінде әскери дәрігерлер жетіспейді

Аталған мәселені «Нұр Отан» партиясының депутаттары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалда көтерді

 ҚР Қарулы Күштерінде әскери дәрігерлер жетіспейді

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына орта есеппен 60-70 медициналық қызмет офицері қабылданады. Алайда оның 80-90-ы жұмыстан шығарылады. Осылайша, кадр тапшылығы үрдісі байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталған мәселені «Нұр Отан» партиясының депутаттары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалдарында көтерді. Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, әскери дәрігерлер, әсіресе шалғай өңірлерде міндетін өткеріп жүргендер өз білімдері мен дағдыларын толық көлемде іске асырып, жетілдіре алмайды.  

«Екінші фактор, жалақының төмендігі. Мысалы, еңбек өтілі 6-7 жыл әскери медик барлық үстемақыларымен 210 мың теңге алады, ал азаматтық секторда дәл осындай маман екі есе көп ақша таба алады. Бұл ретте әскери дәрігерге бейбіт уақытта да, әскерді жұмылдыру кезеңінде де әскери қызмет бойынша басқа да көптеген міндеттер жүктелген. Үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерде жоғары деңгейге қатысты қайшылық бар», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

Ал Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар еліміздегі соңғы оқиғаларға байланысты қоғамымызда этносаралық қатынастарды дамытуға ерекше мән берілу керек дейді. Олардың пайымдауынша, әсіресе әлеуметтік зерттеулерді арттыру қажет.  

«Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің этносаралық қатынастардағы кикілжің әлеуетіне әсері тұрғысында жүйелі талдау қажет болып отыр. Бұған қоса, этносаралық интеграция процесіне баға беріліп, этникалық топтардың бір жерде шоғырлану алғышарттарына талдамалық шолу жасалып, мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар қамтылғаны қажет деп ойлаймыз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ілияс Бұларов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир